Өнербек Нұрбаевты еске алуға арналған «Өнер өлмейді» атты кеш өтті
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 16:25
- 55
Байзақ ауданында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Өнербек Нұрбаевты еске алуға арналған «Өнер өлмейді» атты кеш өтті, деп хабарлады Jambylinfo.kz
Өнербек Нұрбаев 1967 жылы Амангелді ауылының Жаңатұрмыс бөлімшесінде дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін Жамбыл мәдени ағарту училищесінің клуб қызметкері және халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі мамандығы бойынша оқуға түседі. Осы оқу ордасын 1985 жылы тәмамадап, Байзақ аудандық мәдениет бөліміне қызметке қабылданады. 2002-2011 жылдары аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің директоры болып еңбек етті. Өмірінің соңына дейін осы ұжымның көркемдік жетекшісі қызметтерін мүлтіксіз атқарып, аудан мәдениетінің өркендеуіне өз үлесін қосты.
Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер байқауының лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Жамбыл облысына еңбегі сіңген» белгісімен марапатталды. Өмір жолында қаншама өнерге құштар шәкерттер тәрбиеледі. Оның бірқатары аудан, облыс көлемінде еңбек етсе, кейбірі бас қаламыздың өнер ордаларында еңбек етіп, елге танылып үлгерген жандар.
Өнербекті еске алу кешінде ел азаматтары өз естеліктерімен бөлісті. Әріптестері мен шәкірттері әндерін шырқап, көпшілікке еркше әсер сыйлады. Қасқырбай Нарбатыров, Әлмахан Исабаев, Күлила Құрымбетова, Жанат Сәлімбаева, Сәрсенбек Бәкір, Ғани Мәтебаев, Маралбек Бабақұловтар әуезді әуендерімен Байзақ жұртына Өнербектің өнерін паш етіп, оны қайта тірілткендей болды. Кешті «Әзіл әлемі» театрының актері, Қазақ радиосының тілшісі, әншінің шәкірті Бақытжан Қасымов жүргізді.
Талантымен талайды тамсандырған үлкенге де, кішіге де бірдей қарайтын Өнербек Нұрбаевты еске алған аудан тұрғындары шынайы ықыластарын білідіріп, мұндай шараның жалғасын табатынына сенім білідіріп тарқасты.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда балабақшалардың бірлескен семинары өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қараша, 2024