сенбі, 5 қазан, 2024 18:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Nur Otan" партиясы Тараз қалалық филиалына жаңа басшы тағайындалды

"Nur Otan" партиясы Тараз қалалық филиалына жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөзі
"Nur Otan" партиясы Тараз қалалық филиалына жаңа басшы тағайындалды
Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының келісімімен, партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұловтың бұйрығымен Уәлихан Байдуанов партияның Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.  width= «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарын Дауыл Ынтықбайұлы ұжымға таныстырып, ісіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде Уәлихан Байдуанов жауапкершілігі мол қызметті сеніп тапсырған партияның Орталық аппараты мен жергілікті филиал басшылығына алғысын жеткізді. Уәлихан Боларбекұлы еңбек жолын 1998 жылы мектеп мұғалімі болып бастаған. Ол әр жылдары Талас ауданы әкімдігінің білім басқармасында әдіскер, бас маман, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысының орынбасары, Мойынқұм ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы, Жуалы ауданындағы №1 балалар өнер мектебі директорының орынбасары, Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімі басшысының орынбасары сынды қызметтер атқарған. Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарына партия мүшелерінің сапалық құрамын жетілдіру және өндіріс, кәсіпкерлік саласының өкілдерін мүшелікке тарту сынды тапсырмалар жүктелді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар