жұма, 20 қыркүйек, 2024 3:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Оңтүстік» өңірлік іріктеу турнирі өз мәресіне жетті

«Оңтүстік» өңірлік іріктеу турнирі өз мәресіне жетті
фото - ашық дереккөзден
Жарыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері арасында мықтыны анықтады

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз арена» спорт кешенінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 10 жылдығын атап өтуге орай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының Кубогы үшін II Спартакиада «Оңтүстік» тобы қызметкерлері арасындағы іріктеу жарысы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Іріктеу жарысы 2024 жылдың 10-11 тамыз күндері спорттың 5 (кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, арқан тарту, шахмат) түрінен ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері арасында әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша, Түркістан облысы бойынша, Қызылорда облысы бойынша және Жамбыл облысы бойынша департамент құрама командалары қатысты.

Сондай-ақ жарыстың ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, агенттіктің оңтүстік өңірі бойынша аумақтық департаменттерінің басшылық құрамы мен облыстық әкімдік басшылығы, сонымен қатар, спорт жұлдыздары мен қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Екі күнге созылған іріктеу жарысының нәтижесі бойынша үздік атанған командалар Астана қаласында өтетін республикалық турнирге жолдама алды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар