Оқу-ағарту министрі Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді
- авторМағжан Орынбасар
- 31 қазан, 2024
- 269
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ғани Бейсембаев әуелі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына" барды. Мұнан кейін министр қаладағы «Бақытты Болашақ» Оқушылар сарайына ат басын бұрып, оқушылармен кездесті. Кездесу барысында еліміздің бас ұстазы оқущылармен еркін форматта әңгіме дүкен құрды.
«Құрметті оқушылар, білім ұрпақ – ел болашағы екені сөзсіз. Біз білімді оқушыларды әр уақытта қолдаймыз. Өздеріңіз білесіздер, енді халықаралық олимпиадада топ жарған жеңімпаздар мен қатысушылар мемлекет тарапынан үлкен қаржылай сыйақыға ие болады. Былайша айтқанда, енді оқушыларға да олимпиада ойындарында топ жарған спортшыларға жасалғандай құрмет көрсетілетін болады», - деді министр.
Қазір Ғани Бейсембаев мектеп директорлары мен және ұстаздар қауымен кездесу өткізіп жатыр.
Мұнан кейін Ғани Бейсембаев Жамбыл облысы бойынша Байзақ ауданында ашылған алғашқы №7 «Жайлы мектептің» жұмысымен танысса, әрі қарай Жамбыл инновациялық жоғары колледжіне бармады деп жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда балабақшалардың бірлескен семинары өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қараша, 2024