Оқу-ағарту министрі Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді
Ғани Бейсембаев өңірдегі бірқатар нысандарды аралайды
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ғани Бейсембаев әуелі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына" барды. Мұнан кейін министр қаладағы «Бақытты Болашақ» Оқушылар сарайына ат басын бұрып, оқушылармен кездесті. Кездесу барысында еліміздің бас ұстазы оқущылармен еркін форматта әңгіме дүкен құрды.
Қазір Ғани Бейсембаев мектеп директорлары мен және ұстаздар қауымен кездесу өткізіп жатыр.
Мұнан кейін Ғани Бейсембаев Жамбыл облысы бойынша Байзақ ауданында ашылған алғашқы №7 «Жайлы мектептің» жұмысымен танысса, әрі қарай Жамбыл инновациялық жоғары колледжіне бармады деп жоспарланған.