Оқу жылы басталғанға дейін Жамбыл облысының 500-ден астам мектебі балалардың қауіпсіздігі үшін ЖБО-ға қосылады
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысы барысында өңірде мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша облыс бойынша жалпы 770 білім беру нысаны террористік тұрғыдан осал нысандар қатарына енгізілген. Оның ішінде 541 мемлекеттік және 229 жекеменшік нысан бар.
Әкім бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда екенін атап өтті. ҚР Премьер-министрі аталған жұмыстарды жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды тапсырды.