Жамбыл жаңалықтар

Оқушыға ноутбук сыйлады

Оқушыға ноутбук сыйлады

Қайырымдылық – мұқтаж жан­дарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айнала­сын­дағы адамдарға танылатын қадір қасиеті де қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. Осыған орай, бүгін Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімінің ардагері Шубаев Жағалбай Мойынқұм ауылында тұратын жалғызбасты әке, Н.есімді азаматтың мектеп жасындағы 3 балаларына арнап ноутбук сыйлады. Қазіргідей сын сағатта сауапты істің қасынан табылып, көмек көрсетіп жатқан жомарт жанға алғысымызды білдіріп, осындай қолдаулар әлі де жалғасын тапса деген ниеттеміз.