Жамбыл жаңалықтар

Оқушылардың қауіпсіздігі 100 пайыз қамтылған – аудан әкімі

Мектептер бейнекамералармен  толық қамтылған дейді спикер

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округінің әкімі Марат Қасымбеков ауылда оқушылардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілгенін айтты, деп жазады jambylinfo.kz.

Марат Қасымбеков атап өткендей, биыл ауылда қылмыс тіркелмеген. Оқушылар арасы да тату көрінеді. Айта кететіні, 5 ауылдан тұратын Қызыларық елді мекенінде 4 мектеп бар. Оның 3-еуі орта оқу орны болса, 1-еуі бастауыш мектеп. Ауыл әкімінің сөзінше, барлық білім ұясы бейнекамералармен, турникеттермен қамтылған. Осыған сүйене отырып, балалардың қауіпсіздігі жоғары деңгейде 100 пайыз қамтылған дейді. Сондай-ақ, ағарту ошақтарында ішкі, сыртқы әжетханалар жұмыс істеп тұрғанын, сыртқы дәретхана аумағында бақылау камералары орнатылғанын атап өтті.