Облыс әкімі ардагерлер арасындағы облыстық спартакиаданың ашылуына қатысты
Облыс әкімі ардагерлер арасындағы облыстық спартакиаданың ашылуына қатысты
Тараз қаласында Ұлы Жеңістің 78 жылдығына және Ардагерлер ұйымының құрылғанына 36 жыл толуына орай Жамбыл облысының ардагерлері арасындағы облыстық спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.
Шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев қатысты.
Өз кезегінде Еркімбек Солтыбаев та өз лебізін жеткізді. Айта кетейік, спартакиадаға өңіріміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық ардагер ойыншыдан құралған 11 команда қатысуда. Олар волейбол, үстел тенисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд, дартс, ләңгі секілді спорт және ойын түрлерінен сынға түседі. Нұржан Нұржігітов «Тараз-Арена» спорт кешенің іші-сыртын аралап, жағдайымен танысты. Іргесі қаланғанына 10 жыл болған нысанның кейбір кем-кетіктерін реттеу бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.