Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Президент қабылдауында болды
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Президент қабылдауында болды
Нұржан Нұржігітовтің Президентке берген ақпараты: ✔️ өңірге тартылған инвестиция көлемі 63,1 млрд теңгеге жеткен; ✔️ құны 100,5 млрд теңге болатын 15 инвестициялық жоба іске асырылып, 1000-нан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр; ✔️ 2025 жылға дейін 75 инвестициялық жоба жүзеге асырылады; ✔️ 2022 жылы Жамбыл облысында 810 мың шаршы метр тұрғын үй салынады; ✔️ 25 елді мекен ауызсумен қамтамасыз етіледі; ✔️ 17 ауылға газ тартылады; ✔️ өңірдегі егіс алқабы 9,2 мың гектарға ұлғайтылып, ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылады. ❗️ Мемлекет басшысы бағаны бақылауда ұстау, халықтың табысын арттыру, инвестиция тарту және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.