Жамбыл жаңалықтар

Облыс әкімі оқушыларды марапаттады

The final spritzer

Аталған байқау 7-10 сынып оқушылары арасында өткен еді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев “Мен Қазақстан экологиясын жақсартуға қандай үлес қосамын?” тақырыбында өткен облыстық шығармалар конкурсының жеңімпаздарын марапаттады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Салтанатты рәсімге облыс әкімі арнайы қатысып, талапты оқушыларды құттықтады.

Сонымен қатар жас экологтарға «Jambyl Cement» компаниясы атынан велосипедтер табысталды.

Айта кетейік, байқауға барлығы 2 530 оқушы қатысқан. Оның ішінде 3 үздік шығарма иесі – Т.Рысқұлов ауданынан Керімбек Нұрали, Жуалы ауданынан Артықбай Айдын және Тараз қаласынан Айтбай Заңғар жеңімпаз атанды.