Облыс әкімі тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаратын техникалармен танысты
- авторjambylinfo.kz
- 29 қараша, 2021
- 215
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыс орталығындағы «Хлебный дар» наубайханасының жұмысымен танысты.
Нан және тоқаш өнімдерін өндірумен айналысатын жеке кәсіпкер Козин Александр 120 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өнім Шымкент, Алматы, Қызылорда қалаларынан бөлек Қырғызстанға экспорталады.
Аймақ басшысы өңірде нанның бағасын реттеп отырудың маңыздылығын айтып, өнімдерінің бір бөлігін әлеуметтік дүкендерге тұрақты түрде жеткізіп отыруға шақырды.
Бұдан соң облыс әкімі Тараз қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаратын техникаларды көрді.
Айта кетейік, қала аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметі бәсекелестік ортаға берілген. Бұл қызметпен 8 мекеме айналысады, олар: «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС, «Сәрсенбай» ЖШС, «Сұлтанқазы» ЖШС, ЖК «Махмудов Т.», «Нұрлы-Тараз» ЖШС, ЖК «Баймұханбетов Б.», ЖК «Тазалық», ЖК «Ибадуллаев».
Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жұмыстарына барлығы 59 бірлік техника тартылған. Жалпы, 8 мекеме 150 мыңнан астам абонентке қызмет көрсетеді. Қалада 328 тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған алаңшалар бар, олар 1510 дана жәшіктермен қамтылған. Күл-қоқыс алаңшаларынан күнделікті шығарылатын тұрмыстық қатты қалдықтардың орташа көлемі - 760 / 800 текше метр.
Қалдықтарды шығаруға, жинақтауға арналған полигон Жамбыл ауданы, «Көлқайнар» ауылдық округінде орналасқан, қаладан арақашықтығы - 15 шақырым. Жалпы ауданы - 30 гектар. 1985 жылы пайдалануға берілген полигон «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-ның теңгерімінде.
Бердібек Сапарбаев қаланың тазалығы тұрақты назарда болу керектігін, ол үшін тиісті техникалардың жарамды күйде және жаңартылып тұруын атап өтті. Сондай-ақ, полигонға жиналатын қалдықтарды сұрыптап-саралау ісіне көңіл бөлу қажеттігі айтылды.
Аймақ басшысы бірыңғай қызмет көрсету орталығын құрудын маңыздылығын жеткізді.
Келесі кезекте «Полиэтилен-Агро» ЖШС-ніңжаңа цехімен танысқан облыс әкімі су үнемдеу технологияларына қажетті түтікшелер мен жылыжайға қажетті пленкалар өнірісін артыру керектігіне назар аудартты.
Қазіргі таңда цехта көпжылдық жылы-жай пленкалары, мульчаға арналған пленка өнімдері, геомембрана, полипропиленді қапшықтар мен торлы қапшықтар, полипропиленді жіп өндіру жүзеге асуда.
Негізінен ауылшаруашылығына қажетті тауарлар еліміздің барлық өңірлері мен Қырғызстанға эскпортталады.
Бердібек Сапарбаев өндірісті кеңейтуге жергілік билік тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілетінін айтты
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жамбыл облысының трассасында жүк көліктері аударылды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024