Жамбыл жаңалықтар
Облыс әкімінің орынбасары қаңтар оқиғасында қаза тапқан ҰҚК-нің қызметкерінің анасын құттықтады
- авторjambylinfo.kz
- 8 наурыз, 2024
- 595
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Дастан Әділбайдың анасын халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Марқұмның шаңырағына гүл шоқтары мен сый-сыяпатын ала келген Қанатбек Мәдібек бұрынғы ҰҚК қызметкері Дастан Әділбайдың анасы Қатира Молдақұловаға облыс әкімінің атынан құттықтау сөздерін арнап, ізгі тілегін жеткізді.
Айта кетейік, Қатира Молдақұлова бар өмірін ұстаздық қызметке арнаған жан. Қаратау қаласындағы Д.Қонаев атындағы орта мектептен зейнетке шыққан. 3 баласы, 12 немересі бар.
Ал, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Дастан Әділбайдың артында жары мен 4 баласы қалды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз