Жамбыл жаңалықтар
Облыс әкімінің орынбасары «Бақытты отбасы» орталығында кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 15 тамыз, 2020
- 375
Облыс әкімінің орынбасары «Бақытты отбасы» орталығында кездесу өткізді
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың тікелей бастамасымен Тараз қаласында "Бақытты отбасы" орталығы ашылған болатын. Күні кеше облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев аталған мекемеде болып, тұрғындармен кездесті, —деп хабарлайды «Jambylinfo» ақпарат агенттігі.
Кездесуге, сондай-ақ, облыс әкімдігі басқармаларының, Тараз қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. Олар қала тұрғындарының өтініш-арыздарын тыңдап, жекелеген мәселелерінің шешілуіне күш салды.
Базынасын айта келген тараздықтар тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық, баспана кезегіне қатысты сауалдарына жауап алды. Сонымен қатар, әлеуметтік жәрдемақыларға байланысты сұрақтармен келгендер де бар.
Кездесу барысында жиырмадан астам азаматтың өтініш-арызы мұқият қаралып, барынша қанағаттандырылды.
Ержан Жұматұлының айтуы бойынша, мұндай қоғамдық қабылдау жұмыстары бұл нысанда тұрақты жүргізіліп тұрмақ.
Жалпы, орталық тамыздың ортасына дейін 8 мың отбасыға қол ұшын созыпты. Оның 5 мыңы онлайн кеңес алса, қалғаны тікелей орталыққа келген. Жалпы алғанда, 4257 көпбалалы ана, 857 аз қамтылған отбасы, 1245 толық емес отбасы, 451 мүмкіндігі шектеулі жан әлеуметтік қызметкердің кеңесіне жүгінген. Заңгерлік кеңес, психологтың да көмегін алған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Таразда Қазақстан суретшілерінің онлайн-көрмесі өтті
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024