Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов құқық қорғау саласының өкілдерімен және жастармен кездесті

Жиынға студенттер мен белсенді жастар қатысты
Бүгін «Заң және тәртіп» қағидаты аясында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов пен құқық қорғау саласының өкілдері жастармен кездесті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушылары мен студенттері және белсенді жастар қатысты.
Жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қоғамда заң мен тәртіп үстемдік құруы керектігін айтып, жастарды осы бастамаға атсалысуға шақырды.
Ал, полиция департаменті бастығының орынбасары жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша қабылданған шараларға тоқталып, жауапкершілік мәселесі жөнінде де түсініктеме берді.
Сонымен қатар шарада Тараз қаласының прокуроры және М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры баяндама жасап, «Заң және тәртіп» қағидаты аясында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарларымен бөлісті.