Облыста 3 күнде 4000 адам жол ережесін бұзған
Облыста 3 күнде 4000 адам жол ережесін бұзған
3 күннің қорытындысы бойынша облыс аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4000 астам дерегі анықталды. Тәртіп бұзушылардың жалпы санынан көлік жүргізу құқығынан 5 адам айырылса, мас күйінде 11 жүргізуші анықталды. Сонымен қатар, көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 187 адам жауапкершілікке тартылды. 293 жүргізуші қауіпсіздік белдіктерін тақпаған, ал 18 жүргізуші жолдарда төтенше жағдайды тудырған. Тиісті құжаттарсыз көлік құралын басқарған 180 жүргізуші анықталды. 304 жаяу жүргінші белгіленбеген жерден өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.