Жамбыл жаңалықтар

Облыста Республикалық олимпиаданың 4 кезеңі өтуде

Облыста Республикалық олимпиаданың 4 кезеңі өтуде

2022 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының төртінші (республикалық) кезеңі өтуде. Олимпиадаға барлығы 112 оқушы қатысты. Олимпиада ағымдағы жылдың 18-19 сәуір (жаратылыстану-математикалық бағыт) және 20-21 сәуір күндері аралығында «U-STUDY» тестілеу орталығының базасында «Oqylyq.kz» платформасында автоматтандырылған «1 камера - 1 компьютер - 1 оқушы» қағидасы бойынша алынып жатыр.