Облыста қылмыстық құқық бұзушылықтар 7,5 пайызға азайды
Облыста қылмыстық құқық бұзушылықтар 7,5 пайызға азайды
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Өңір басшысы ағымдағы жылдың тоғыз айында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға, оның ішінде қылмыстар 6,6 пайызға, теріс қылықтар 13 пайызға төмендегенін атап өтті. Алайда, облыста аса ауыр қылмыстар артқандығы байқалады. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Темірбек Оразымбетов жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты 367 учаскелік полиция инспекторы және олардың 85 көмекшісі қызмет ететінін айтты.
Ол биыл жоспар бойынша 5 учаскелік полиция пунктін және 4 модульдік стационарлық бекеті салынатындығын жеткізді. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасарының айтуынша, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 3 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 372 кг жоғары. Аймақ басшысы адам өліміне соқтыратын қылмыстар мен алаяқтық деректерді азайту үшін қажетті жұмыстарды жүргізу керектігін айтты.