Жамбыл жаңалықтар

Облыста жүрек қан тамыр ауруларымен 136 мыңнан астам науқас диспансерлік есепте тұр – Ербол Қарашөкеев

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, өңірде жүрек ауруларынан өлім-жітім азайған

Бұл туралы кардиохирург Сейітхан Жошыбаевтың 85 жасқа толуына орай Таразда өтіп жатқан Халықаралық конференцияда облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, -деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, жүрек ауруларынан өлім-жітім 2024 жылдың 4 айында 2023 жылмен салыстырганда 16,5 пайызға төмендесе,  жіті миокард инфарктінен өлім 36,6% азайған. 

Еске салайық, үш күнге жоспарланған конференция жұмысына Өзбекстан, Қырғыстан, Ресей, Татарстан сынды елдердің кардиохирург дәрігерлері қатысып жатыр. Конференция барысында дәрігерлер теориялық тұрғыдан білімдерін жетілдіріп, өзара шеберлік сыныптарын өткізіп, тәжірбие алмасады.