Облыстық ардагерлер кеңесінің IX есеп беру-сайлау конференциясы өтті
Алқалы жиында ардагерлер ұйымының атқарған жұмыстары сараланып, алдағы кезеңнің басым бағыттары айқындалды
Бүгін облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыстық ардагерлер кеңесінің IX есеп беру-сайлау конференциясы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және аталған ұйымның аудандардағы өкілдері қатысты.
Алқалы жиында ардагерлер ұйымының атқарған жұмыстары сараланып, алдағы кезеңнің басым бағыттары айқындалды. Басқосуда қоғамдағы ардагерлердің рөлі, ұрпақ тәрбиесі, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту мәселелері кеңінен сөз болды.

Ардагерлер бүгінде қоғамдық өмірдің бел ортасында жүріп, түрлі игі бастамалар мен маңызды шараларға белсене атсалысуда. Конференция барысында облыстық ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстары кеңінен талқыланып, ұйымның жетістіктері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері айқындалды.
Айта кетейік, ұйымның қатары бірқатар жаңа мүшелермен толықты. Олар ұйым жұмысына жаңа идея әкеліп, оның сапасын арттыруға ықпал еткен. Жалпы, ардагерлер түрлі бағытта еңбек етіп, қоғам өміріне өз үлестерін қосып келеді. Бұл туралы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев айтты.
Іс-шараға аймақтың түрлі аудандарынан келген делегаттар өзекті мәселелерді талқылап, ауданда атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.
Конференция қорытындысы бойынша облыстық ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.Тексеру комиссиясының жаңа құрамы да жасақталып, ардагерлер ұйымының кезекті XI сьезіне өңірден 5 делегат сайланды.