сенбі, 23 қараша, 2024 6:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қолжетімді әрі сапалы білім беру қалай жүргізілуде?

Қолжетімді әрі сапалы білім беру қалай жүргізілуде?
ашық дереккөзі
Қолжетімді әрі сапалы білім беру қалай жүргізілуде?

Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз брефингінде облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова қазіргі карантиндік жағдайда қолжетімді әрі сапалы білім қалай беріліп жатқанын мәлімдеді. Бүгінде облыста  551 (411 балабақша, 140 шағын орталық) мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде 56011 бала тәрбиеленсе, 442 мектепте 238681 оқушы білім алуда. Жақында басталған жаңа оқу жылында 46 колледж кәсіби техникалық білім беру жқмысына кіріскен. Бүгінгідей пандемиядан сақтануды талап ететін шақта бұл мекемелерде білім беру қалай жүргізіліп жатқанын Гүлнар Махақызы былайша баяндады.

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14 тамыздағы №47 Қаулысына сәйкес санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, ағымдағы жылдың 18 тамызынан бастап мектепке дейінгі ұйымдардан кезекші топтар ашылды. Бүгінгі күні аудандар мен Тараз қаласынан барлығы 379 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, 1405  кезекші топта 17041 (33,8%) бала қамтылды. Мекемеде дезинфекциялық заттар толығымен жеткілікті, антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Күн тәртібіндегі кестеге сәйкес кварцтау дезинфекциялау, залалсыздандыру іс-шаралары жүргізіліп отыр.

Пандемияға байланысты 2020-2021 оқу жылында оқу процесі екі түрлі форматта ұйымдастырылды.  Облыстағы 234 мектепте 208000 оқушы қашықтықтан және эпидемиологиялық жағдай тұрақты шалғай елді мекендерде орналасқан  208 мектепте 30681 оқушы дәстүрлі түрде білім алуда. Жалпы қашықтықтан оқитын мектептердегі бастауыш сыныптарда 3727 «кезекші сыныптар» ашылып, онда дәстүрлі түрде 51420 оқушы білім алуда.

Колледждерде қашықтықтан оқыту zhambyltipo.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Сайт қолжетімсіз болған жағдайда  сайттың балама түрі  whatsapp, телеграмм,  zoom қосымшалары пайдаланылады. Ал, шалғай ауданда, моноқалада контингенті 200-ден аспайтын 7 (1 КУИС) колледжде 1298 студент  штаттық  режимде білім алуда. Оның ішінде 90 студент колледж жатақханасында орналасқан. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сәйкес 44 колледж дезинфекциялау құралдары, тепловизор, кварц, санитайзермен қамтылып, 23 колледжге тоннел қойылды. Пандемеяға байланысты жатақханадағы студенттер үйлеріне және 23 студент  "Облыстық жасөспірімдер үйіне" жіберілді, -дейді облысымыздың бас мұғалімі.

Қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептердің теңгеріміндегі 17545 дана компьютер аз қамтылған және көп балалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға үлестіріліпті. Оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге 26483 данасын техника сатып алуға республикалық бюджеттен 4,1 миллиард теңге бөлінген. 1 қыркүйекке дейін Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, аудандарының және Тараз қаласының мектептеріне 2030 планшет таратылыпты. Алдағы уақытта 2756 компьютер, 20156 ноутбук, 1541 планшет қыркүйек-қазан айларында алынып, оқушыларға таратылмақшы.

Бұдан бөлек қашықтықтан оқитын мектептердегі аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларын, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интернетпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен сатып алынатын 22904 роутердің 3107-сі мектептерге жеткізіліпті. Облыстық білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне 2020-2021 оқу жылына 258 компьютер алуды жоспарлап отыр.

 Қамар Рахметуллина

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар