Жамбыл жаңалықтар

Қордай ауданында қар құрсауынан 80 автокөлік шығарылды

Қатты қар мен боранның салдарынан жүк автокөліктері жолдың жүру бөлігін жауып, көлік құралдарының жиналуына әкелген.

Жамбыл облысының Қордай ауданында қолайсыз ауа райы салдарынан бірқатар автокөлік қар құрсауында қалып, жол қозғалысы уақытша қиындады. Оқиға Қордайдың ескі асуында, 170–190 шақырым аралығында тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қатты қар мен боранның салдарынан жүк автокөліктері жолдың жүру бөлігін жауып, көлік құралдарының жиналуына әкелген. Аталған жағдайға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жедел түрде іске қосылды.

Құтқару жұмыстарының нәтижесінде қар құрсауынан 50 жеңіл және 30 жүк автокөлігі қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқарылғандар арасында зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына және автожолдардың жабылуына байланысты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға психологиялық көмек көрсету және жедел ақпараттандыру мақсатында «жедел желі» телефондарын іске қосты.

Азаматтар төмендегі нөмірлер арқылы хабарласа алады:

☎️ 8 (7262) 43-58-97

☎️ 8 (7262) 43-58-39

ТЖД өкілдері тұрғындарды алыс жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын қадағалап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.