Жамбыл жаңалықтар
Қордай ауданында екі футбол алаңы пайдалануға берілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 тамыз, 2025
- 439
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жамбыл облысы, Қордай ауданының Сортөбе және Сарыбастау ауылдарында футбол алаңшалары қолданысқа берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы есебінен Қордай ауданының Сортөбе және Сарыбастау ауылдарында заманауи футбол алаңшалары салынды. Жаңа спорт нысандары жергілікті тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне және спортпен жүйелі айналысуына мүмкіндік береді.
Ашылу рәсіміне аудандық мәслихат депутаттары, Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі өкілдері, ауыл тұрғындары мен жастар қатысты. Шара барысында достық футбол ойындары ұйымдастырылып, ауыл жастары өз шеберліктерін көрсетті.





