Қордай ауданында кезекте тұрған азаматтарға 1 070 жер телімі беріледі
Қордай ауданында кезекте тұрған азаматтарға 1 070 жер телімі беріледі
Қордай ауданында жеке тұрғын-үй құрылысы үшін жер кезегін азайту негізгі мақсаттардың бірі. Бұл бағытта Қордай ауылында 106 га болатын 388 жер учаскесіне, Отар ауылында 98 га 682 жер учаскесіне инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп жатыр. ӨКҚ ақпарат алаңында болған брифинг барысында Рүстем Дәулет бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аяқталуға жақын екенін айтты. - «Жер телімдеріне инфрақұрылым игіліктерін ортану бойынша жалпы соммасы 2,6 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде жыл соңына дейін 1070 жер телімін кезектегі азаматтарға беруге мүмкіндік туады» деді Рүстем Дәулет. Сондай-ақ, спикер ауданда 1 524 азаматтың үй кезегінде тұрғанын, оларды баспанамен қамту үшін жоспарлы жұмыстар жасалып жатқанын жеткізді. -«Бүгінгі таңда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өткір болып тұрғаны белгілі. Жалпы аудан бойынша 1 524 азамат үй кезегінде тұр. 5 қабатты 5 үйді және Қаракемер ауылындағы 2 пәтерлі 10 үйді іске қосу есебінен 310 пәтер ел игілігіне беріледі. Сонымен бірге баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында асармен салынып жатқан 15 үйдің, 9-ы тапсырылды, 6 -сы желтоқсан айының соңында тапсырылады»,- деді Р. Дәулет 2. БИЫЛ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚТЫ ГАЗБЕН ҚАМТУ ҮЛЕСІ 95% ЖЕТЕДІ Қордай ауданы тарихындағы ең өзекті, көп жылдар шешімін таппай келе жатқан проблема – газдандыру мәселесі. ӨКҚ алаңында брифинг берген аудан әкімі Рүстем Дәулет енді қордайлық бұқара бұл қиындықтан да құтылатынын айтты. Аудандағы 22 елді мекенді газбен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 248 шақырымды құрайтын үлкен жобаға 11 млрд.-қа жуық қаражат бөлінген. «Қазіргі уақытта колхоз аймағындағы 10 елді мекенде жұмыстар аяқталып, тұрғындарға газ берілді. Ал Отар аймағындағы 12 елді мекенді газдандыру жұмыстары 20-шы желтоқсанда аяқталатын болады. Нәтижесінде 41 елді мекеннің 34-і, яғни 146 600 тұрғын газбен қамтамасыз етіліп, газбен қамту үлесі 95%-ға жетеді» деді Р. Рысбайұлы. Сондай-ақ, ол биыл аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 елді мекенге 2,7 млрд. теңге бөлінгенін айтты. Енді жыл аяғында ауыз су құбырларының құрылыстары аяқталса, орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 78 пайызға жететін болады. 3. ҚОРДАЙДА ҚҰЛАҒАЛЫ ТҰРҒАН МЕКТЕП ЖОҚ Қордай ауданында қауіпті мектептер мүлде жоқ. ӨКҚ ақпарат алаңында аудан әкімі Рүстем Дәулет ағарту ошақтары жайлы да айтып өтті. «Білім саласындағы 3 мектептің құрылысы есебінен апатты мектептер мен орын тапшылығы мәселесі толықтай шешіледі. Сонымен бірге 1,1 млрд. теңгеге 4 мектептің, 3 денсаулық сақтау мекемесінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, 4 әлеуметтік нысанға жаңа қазандықтар салынып, 6 әлеуметтік нысанның қазандықтары газға ауыстырылды» деді Р.Рысбайұлы. Ал, аудан бойынша 1,3 млрд. теңгені құрайтын 4 спорттық-сауықтыру кешендерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, 7 спорт, 8 ойын алаңшалары іске қосылмақ. Нәтижесінде бұқара халықтың спорт инфрақұрылымына қол жетімділігі 27 пайыздан 46 пайызға жетеді деді. 4. ЕҢБЕКҚОР ДҮНГЕН АҒАЙЫНДАР ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРДЕН ДЕ ӨНІМ АЛДЫ -ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Қордай ауданындағы дүнген ағайындар қоныстанған елді мекендердің шаруалары жыл сайын көрші Шу ауданына және Алматы мен Қарағанды облыстарына баратын. Онда дәнді дақылдар мен көкөніс егумен айналысып келетін. Осылайша олар өзге өңірлерге барып өнім алып, табыс табатын. Алайда биыл бұл еңбек үрдісі басылып қалғандай болды. ӨКҚ ақпарат алаңында баспасөз мәслихатына қатысқан аудан әкімі Рүстем Дәулет шаруалардың шетке шығып, егістік жұмыстарымен еш кедергісіз айналысып жүргенін айтты. «Биылғы жылдың ақпан айында болған оқиғаға байланысты олар сырт облыстарға шығуға жүрексінген болатын. Дегенмен, аудандық атқарушы және құқық қорғау органдарының бірлескен шаралары нәтижесінде Масаншы, Сортөбе, Бұлар батыр, Ауқатты және Қарасу ауылдарынан 719 отбасы Шу ауданы, Алматы және Қарағанды облыстарына барды. Олар жалпы көлемі 5 529 га болатын ауыл шаруашылығы жерлерін игеріп, 260 мың тоннадан астам өнім алды» - деді, Р.Дәулет. Жекелей тоқталар болсақ, биыл Шу ауданына 467 отбасы барған. Олар 4 826 га жерді игеріп, өнім алыпты. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 147 отбасына көбейсе, 3 432 га жер артық игерілген. Алматы облысына 117 отбасы барып, 428 га жерден ырзығын алған. Ал, арқа атырабы Қарағанды облысына барған 75 отбасы, 84 га жер игерген екен. «Жалпы ауданда ауылшаруашылық саласындағы жоспарланған жұмыстар тиісті деңгейде орындалды. Әсіресе, жүгері өнімін жинауда гектарынан 110 центнерден алған шаруашылықтар да болды. Ал, кәсіпкерлерді қолдау бойынша 584 азаматқа 314 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілсе, 3604 адам, 17 ЖШС, 54 ШҚ 4,9 млрд. теңгеге несие алды» деді әкім.