дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордай халқына Әбілязов заңсыз алған жер телімдері қайтарылды

Қордай халқына Әбілязов заңсыз алған жер телімдері қайтарылды
Сурет: КТК сайтынан алынды
Бұл туралы Жамбыл облысының сотынан хабарлады

Жамбыл облыстық прокурордың "Ноғайбай-Kazexim" ЖШС-нің ЖСО-ның электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттамаларын заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы шағымын қанағаттандырудан бас тарту туралы істі қарады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Сот келтірген дерекке сүйенсек,  2006 жылы "БТА Банк" АҚ мен "Қазэксим" ЖШС арасындағы кредиттік шарт негізінде жалпы көлемі 14 мың гектардан асатын 16 жер учаскесі "Қазэксим" ЖШС-нің қарызын қамтамасыз ету үшін банкке кепілге берілген. Жер пайдаланушылары несие шарты мен жер учаскелерінің кепілге берілгені туралы 2010 жылдың қыркүйек айында білген. 

"Айта кету керек, 2010 және 2017 жылдардағы сот үкімдерімен "Қазэксим" ЖШС бас директоры, М.К.Әблязов және басқа да ұйымдасқан топ мүшелері сотталды. Олардан Банктің пайдасына материалдық залалдың едәуір сомасы өндірілген. Борышты қайтару бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты 2011 жылы Жамбыл облысының прокуроры "БТА Банкі" АҚ-ның мүддесі үшін сотқа талап арызбен жүгінген",- деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 2011 жылғы соттың шешімімен "Қазэксим" ЖШС-нен банктің пайдасына жауапкерлердің мүлкінен жолымен 3 млрд.теңгеден астам қарыз өндірілген.

"2016 жылдың қыркүйек айында ЖСО атқарушылық іс жүргізу өндірісі қозғалып, "Қазэксим" ЖШС кепілге қойылған мүлкіне өндіріп алу бойынша атқарушылық әрекеттері жасалды. 2018 жылы аукциондық сауда-саттық жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша 5 жер учаскесі сатылып кеткен. Сот алқасы 2018 жылғы сот шешімі заңсыз деген шешімге келді, себебі ол жер учаскелері "Қазэксим" ЖШС-не заңсыз берілгенін анықтап, осыған байланысты жер учаскелері Қордай ауданының тұрғындарына қайтарылуға жатады деп тапты. Осылайша, сот жер пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғады. Қаулы заңды күшіне енді",- делінген хабарламада.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару инвестицияның тағы бір қайнар көзі болуға тиіс екенін айтқан еді.

«Мен бұл шаруаның бағыт-бағдары туралы бірнеше рет айтқан болатынмын. Бизнес өкілдерімен кездесулерде де осы мәселеге тоқталдым. Уәкілетті құрылымдар жұмысты жандандыруы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент түскен қаражатты еліміз үшін маңызы зор жобаларды жүзеге асыруға пайдалану қажет екеніне назар аударған еді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар