жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордайдың әкімі брифингке не себепті келмеді

Қордайдың әкімі брифингке не себепті келмеді
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай мәлім етті

Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін еліміздегі барлық елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қордай ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

– Бүгінге дейін аудан әкімдігі тарапынан 8,6 миллиард теңгеге 10 елді мекенде ауыз су жүйелерінің құрылысы толық аяқталды. Олар – Ноғайбай, Отар, Қордай, Қайнар, Степное, Қарасу, Еңбек, Сарыбұлақ, Соғанды және Бәйтерек ауылдары. Қазір Шарбақты, Күнбатыс-2, Алға және Гвардейск елді мекендерінде су құбырының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар тағы 10 ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге келісімшарттар жасалды. Бұл ауылдар қатарына Қарасай батыр, Қызылсай, Керу, Көктөбе, Сұлутөр, Үлкен Сұлутөр, Кенен, Бел, Жаңатұрмыс және Күнбатыс-1 кіреді, – деді Дамира Маратқызы.

Бұдан бөлек, жер ресурстарын тиімді пайдалану бағытында да нақты шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, 2025 жылға қарай игерілмеген 11 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару көзделген болса, бүгінге дейін оның 893,9 гектары қайтарылған. Ал пайдаланылмай жатқан 12 552 гектар жерге қатысты шара қолдану үшін Жамбыл облыстық жер инспекциясына ресми хат жолданған.

Брифинг барысында барысында Jambylinfo.kz тілшісі Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбектің не себепті брифингке қатыспағанын сұрады. Бұл сұраққа аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай жауап берді.

– Өздеріңізге белгілі, аудан әкімі өткен аптада Қытай еліне іссапармен кеткен болатын. Бұл халық тығыз орналасқан, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан ауданымыз үшін инвестиция тартуға бағытталған маңызды жұмыс сапары. Ал дәл қазіргі уақытта брифингке қатыспау себебі аудан әкімінің оқуға кетуімен байланысты. Журналистердің уәжі өте орынды, расында, мен ауданның әлеуметтік саласына жауапты орынбасарымын. Алайда кей жағдайда осы лауазымдағы әріптестерімнің функционалдық міндетін атқару бұйрық бойынша жүктеледі. Сондықтан бүгінгі брифингте ауыл шаруашылы мен экономика, инфрақұрылым мен инвестиция бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталудамын, – деді Дамира Сүгірбай.

Сондай-ақ аудан әкімінің міндетін уақытша атқарып отырған орынбасардың да облыстық әкімдіктегі жоспарлы жиындарға қатысуына байланысты брифингке келе алмағаны айтылды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар