Жамбыл жаңалықтар

«Қордай» өткізу пунктінің құрылысына бөлінген ақшаны ысырап еткендер сотталды

Олар 296 млн теңгені мақсатсыз шығын еткен

«Қордай» өткізу пунктінің құрылысына бөлінген ақшаны ысырап еткендер сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Антикордың дерегінше, 26 желтоқсанда Қордай аудандық сотымен «ҚазАвтоЖол» Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары Д. Тультаев, «ДорСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымы жобасының жетекшісі У. Құрбанов және «Алматы Сапа Инжиниринг» ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы Д. Мұсақұл сотталған.

Олар қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» өткізу пунктін салу, кеңейту және реконструкциялау кезінде 296 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап еткені үшін кінәлі деп танылған.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.