Жамбыл жаңалықтар

Қордайда «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлер саны артып келеді

Бұл бойынша аудандағы жылдық жоспар 897 адам болған

Қордай ауданында жыл басынан бері «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 287 азамат оқуын аяқтаған,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қордай ауданы әкімінің бірінші орынбасары Бақыт Сақатовтың сөзінше, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға Қордай ауданына 95 азаматқа жалпы сомасы 140,3 млн теңге қаражат бөлінген.

 

Шенеуніктің сөзінше, ауданда жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 4964 адам тартылып, жоспар 80,4 пайызға орындалған.

 

 «Ауыл аманаты» жобасы 2019 жылы Қордай ауданының Жамбыл ауылдық округінде пилоттық жоба ретінде басталған. Кейіннен Кенен, Қаракемер, Қарасу, Сарыбұлақ, Қақпатас ауылдық округтерінде іске асырылған.