Жамбыл жаңалықтар

Қордайда көлікпен жылқыны қағып кеткен жүргізуші көз жұмды

Қордайда көлікпен жылқыны қағып кеткен жүргізуші көз жұмды

Қордай ауданындағы тас жолда автокөлік жүргізушісі жылқыны қағып кетті Облыстық полиция хабарлауынша, «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Тараздың шығыс бағытымен Алматыға бара жатып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автотрассасының 171- шақырымында жылқыны қағып кеткен. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Және көлікте болған тағы 2 жолаушысы Қордай ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр»,-делінген ведомство хабарламасында.