Қордайда «қораға» айналып кеткен спорт кешенін салған мердігер бюджетке 56 млн теңге қайтаруы керек
Әлеуметтік желіде аудандағы спорт кешені қараусыз қалды деген ақпарат тарады
Қоғам белсендісі Исламбек Дастан Қордай ауданы Қарасай батыр ауылындағы спорт кешені қараусыз қалғанын, оның айналасында мал жайылып жүргенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын. Аталған мәслеге қатысты әкімдік түсініктеме берді, хабарлайды jambylinfo.kz.
Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Сақатовтың айтуынша, әкімдік Қарасай батыр ауылындағы спорт кешенінің құрылысын жүргізген «ӘділҚұрылыс и К» ЖШС жұмысты талапқа сай орындамағандықтан сотқа берген.
Сондай-ақ оның сөзінше, «Әділ-Құрылыс и К» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 2 945 059 теңге тұрақсыздық айыбы және 1 780 670 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілсін деген шешім шығарған. Алайда, мердігер сотқа аппеляциялық шағыммен қайырылып, бүгінде іс қайта қаралып жатқанын айтты.