жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордайдағы 10 ауылда ауызсу желісі пайдалануға берілді

Қордайдағы 10 ауылда ауызсу желісі пайдалануға берілді
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін еліміздегі барлық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қордай ауданында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аудан әкімдігінің бастамасымен жалпы құны 8,6 миллиард теңге болатын жоба аясында 10 елді мекенде су желілерінің құрылысы аяқталып, Ноғайбай, Отар, Қордай, Қайнар, Степное, Қарасу, Еңбек, Сарыбұлақ, Соғанды және Бәйтерек ауылдары толықтай орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды.

Қазіргі таңда тағы 4 ауылда – Шарбақты, Күнбатыс-2, Алға және Гвардейск – құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Қарасай батыр, Қызылсай, Керу, Көктөбе, Сұлутөр, Үлкен Сұлутөр, Кенен, Бел, Жаңатұрмыс және Күнбатыс-1 ауылдарын ауызсумен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Бұл бағытта тиісті жобалаушы ұйымдармен келісімшарттар жасалған.

Жалпы, Жамбыл облысы бойынша биыл 15,4 миллиард теңгеге 36 ауылдық елді мекенді таза ауызсумен қамтамасыз ету жоспарланған.

Нәтижесінде өңір ауылдарындағы ауызсу мәселесі толық шешіліп, қамту деңгейі 100%-ға жетпек.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар