Қордайдағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды
Қордайдағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды
Қордай ауданы Гвардейск қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлеріне арналып салынған жалпы 180 пәтерлік 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен пәтер кілттерін тапсыру салтанатты шарасына қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қоныс той иелерін құттықтап, ғалым-мамандардың, құрылысшылардың елеулі еңбегін атап өтті.
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария барынша қолдау көрсетіп жатқан ел, облыс басшылығына, құрылысшыларға деген ықыласын білдірді.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердегі пәтерлер толығымен тұрмысқа қажетті жиһаздармен жабдықталған, барлық инженерлік желілермен қамтылған. Институт және зауыт қызметкерлері мен олардың балалары үшін 120 адамға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені, ойын алаңшалары салынған. Нұрдәулет АСАН