жұма, 27 желтоқсан, 2024 2:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордайлық бұқара өңірдегі оң өзгерістер үшін ел Президентіне алғыстарын айтты

Қордайлық бұқара өңірдегі оң өзгерістер үшін ел Президентіне алғыстарын айтты
ашық дереккөзі
Қордайлық бұқара өңірдегі оң өзгерістер үшін ел Президентіне алғыстарын айтты

Аудан әкімі Рүстем Дәулеттің есеп беру кездесуіне қатысқан Қордай ауданының тұрғындары ел Президентіне өз өңірлерінде орнаған бейбітшілік пен жалпы абаттандыру жұмыстары үшін алғыстарын білдірді. Әсіресе, тіршілігі түбегейлі өзгерген Масанчи ауылы тұрғындарының ризашылығы ерекше. Қордай ауылдарына табиғи газ тартылып, мектептер мен жолдар жөнделген.

- Әрине, барлық ауылдарға газ тартылған жоқ. Бәрін бірдей жасау мүмкін емес, мұны түсіну керексіздер, - деді есеп беру кездесуіне қатысқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев. – Жоспарлау барысында барлық жағдайлар ескеріледі. Атап айтсақ, ауылдың болашағы, жобаның маңыздылығы, шығындар көлемі жан-жақты қарастырылады. Дегенмен, сіздердің аудандарыңыз 2022 жылдың соңына дейін толығымен газдандырылады деп көзделуде.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына тоқталған Рүстем Дәулет барлық салада оң динамика байқалғанын атап өтті.

 width= Айталық, өнеркәсіптің дамуы 17,8 миллиард теңге, ауыл шаруашылығы 66,2 миллиард, инвестициялар 40,6 миллиард, құрылыс 22,7 миллиард теңге пайда әкелген.

Шағын және орта бизнес бойынша 12200 адам жұмыс істейді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 4634 қордайлыққа, 17 серіктестікке және 62 шаруа қожалығына 5,6 миллиардтан астам теңгеге несие берілген.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 418,6 миллион теңгеге 18 жобаға қолдау көрсетіліпті. 119,7 миллион теңге сомасындағы тағы жеті жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несиелендірілген. «Алқаптан сөреге дейін» жобасымен «Eco Chiken» өндірістік кооперативі құс фабрикасын ашу үшін 16,5 миллион теңгелік қолдауға ие болған.

- «Еңбек» бағдарламасы аясында өткен жылы 148 қордайлыққа 616 миллион теңгеге несие берілді. Тағы 684 адам жалпы 369,7 миллион теңгеге қайтарымсыз гранттарға ие болды, - деп атап өтті Р.Дәулет.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба аясында Жамбыл ауылдық округі тұрғындарының 252 өтінімі қаралып, оларға 712,5 миллион теңге сомасында несие берілді. Нәтижесінде округте жеке кәсіпкерлер саны 168-ден 419-ға дейін өсті. Қосымша 139 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.

Өткен жылы ауданда 49,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 146,9 пайызды құраған.

- Биыл Қордай ауданында жалпы құны 4,5 миллиард теңге болатын 60 пәтерлі сегіз көпқабатты үйдің құрылысы басталады. Олардың алтауы кезекте тұрғандарға, ал екеуі биологиялық қауіпсіздік проблемалары бойынша ҚазҒЗИ қызметкерлеріне берілетін болады, - дейді Рүстем Дәулет.

- Сонымен қатар, Батыс тұрғын алабында тағы бес көпқабатты 60 пәтерлі үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін 49,5 миллион теңге бөлінді. Бюджет Қордай және Сортөбе ауылдарында бюджеттік қызметкерлері, аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін екі пәтерлі жаңа тұрғын үйлер салынады, - деп атап өтті аудан әкімі.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары тынығатын демалыс орындарының санын көбейтуді, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратын кеңейтуді сұрады. Ноғайбай ауылының тұрғындары жолдың нашарлығын және табиғи газдың жоқтығын айтып шағымданды.

Тұрғындар бүгінде Қордайдағы ауылдарда бейбітшілік пен келісім орнағанын, дүнгендер мемлекеттік тілді үйреніп жатқанын, жергілікті мектептерде қосымша қазақ тілінде оқытатын сыныптар ашылғанын атап өтті.

- Ауылдаымыздағы оң өзгерістерді көргенде, марқайып қаламыз. Имамдар үйінің ашылуы – діни қызметкер ретінде мен үшін аса маңызды оқиға болды. Сонымен қатар, бүгінде көптеген жаңа мектептер пайдалануға берілуде. Біз ауыл тұрғындарына мұғалімдерді құрметтей білуге үйрететудеміз. Шариғат бойынша біз ата-аналар мен мұғалімдерді құрметтеуіміз керек және бұл бағытта мемлекеттік деңгейде белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқандығы қуантады. Ұстаздардың біздің білікті тұлға болып қалыптасуымызға қанша күш жұмсайтынын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, бұл –оларды өмір бойы құрметтеп өтуге татитын еңбек, - деді Сортөбе мешітінің имамы Губар Фаншаров.

Масанчи ауылының қоғамдық кеңесінің төрағасы Исхар Лоу өткен жылы қордайлықтар жемісті жұыс жасады деп санайды.

- Біздің ауданның әлеуеті зор. Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген пандемияға қарамастан, біз маңызды жетістіктерге жете алдық. Әрине, өткен жылдың қайғылы оқиғасын ешкім естен шығарған жоқ. Аудан тұрғындары оған өкінішпен қарайды және болған оқиғалардан сабақ алды. Біз енді ондай оқиғаның ешқашан қайталанбайтынына сенімдіміз. Ол бағытта ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жастардың мәдени деңгейі көтеріліп, мінез-құлықтың адекватты үлгісі қалыптасуда. Сөз бостандығы – бұл өз ойын білдіру мүмкіндігі екенін есте ұстауымыз керек. Цифрлық технологиялар ғасырында біздің әр сөзіміз бүкіл елге тез таралып үлгереді. Сондықтан біз әр сөзімізге абай болып, ойланып барып сөйлеуіміз керек, - деді ол.

Кездесуді қорытындылай келе, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының өсуіне сырттан мамандарды тарту арқылы емес, жергілікті жас кадрларға сүйене отырып, нақты қол жеткізу қажет екенін атап өтті.

- Ешкімге біраз уақыттан кейін құлдырайтын прогресс қажет емес. Жастарға базалық білім беру керек, содан кейін мамандық алуға көмектесу қажет. Ол үшін білім беру саласына және кәсіптіп оқытуға көбірек көңіл бөлу маңызды, - деп есептейді ол.

Сондай-ақ, облыс әкімі көшпелі қоғамдық қабылдаулардың тиімділігін атап өтті.

- Билік халыққа жақындай түсуде, бұл атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын және шешімдер қабылдаудың жеделдігін айтарлықтай арттырады, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар, ол пандемияның ауыр кезеңінде шекарадағы Қордай ауданы вирустың шетелден ішке кең таралуына жол бермей, өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарғанын атап өтті.

- Бүгін мен экономиканың, бақытты және дені сау азаматтардың қарқынды өсуін көріп отырмын. Бізде одан әрі ілгерілеу үшін бәрі бар, енді біз жаңа сын-тегеуріндерді қабылдауға дайынбыз. Ауыз сумен, электрмен, газбен және жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету 2021 жылға арналған басым міндеттер болып табылады. Сондай - ақ Қордай ауданы танымал болған ауыл шаруашылығын, өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту туралы да ұмытпаған жөн, - деп қорытындылады облыс әкімі.

- Бүгін мен экономиканың қарқынды өсуін, мейлінше риза азаматтарды көріп отырмын. Бізде одан әрі де ілгерілеу үшін бәрі жеткілікті, енді біз жаңа мәселелерді шешуге дайынбыз. Ауыз сумен, электрмен, газбен және жаңа тұрғын үйлермен қамтамасыз ету – 2021 жылға арналған басым бағыттардің негізі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларын дамыту жайы да назардан түспеуі тиіс, - деп түйіндеді облыс әкімі.

Қордай ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Гвардейский ауылына арнайы ат басын бұрды.

Мұнда биологиялық қауіпсіздік мәселелері институтының негізінде фармацевтикалық зауыттың ғимараты бой көтерген. Жоба бойынша жылына 60 миллион доза түрлі вакциналар шығару жоспарланып отыр десек, оның ішінде коронавирусқа қарсы вакцина да бар.

Аймақ басшысы нысанның бірнеше қабатын аралап, таза ғимарат кешенімен танысты.

Сондай-ақ, зауытты пайдалануға беру мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Бердібек Сапарбаев қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарына тиісті бақылаудың болуына назар аудартты.

Ол мүдделі тараптарды нысанның барлық GMP стандарттарына сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Зауытқа жақын маңда институт қызметкерлеріне арнап 3 көпқабатты тұрғын үй салуға орын бөлінген. 60 пәтерлі үйдің бірінде ішкі әрлеу жұмыстары жүруде.

Бердібек Сапарбаев жұмыстарды наурыз айында аяқтауды тапсырды. Жоба бойынша мұнда 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер болады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар