Жамбыл жаңалықтар

Қордайлық жастармен кездесу өтті

Қордайлық жастармен кездесу өтті

Қордай ауданы, Масаншы ауылында орналасқан “Қазақ халқына мың алғыс” ескерткіші маңына “Ассамблея жастары” РҚБ ағаш отырғызды.

Мұндағы мақсат- ауыл жастарына  жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекке баулуға, туған жерді қастерлеуді үйрету, көшелерді көркейту - көгалдандыру.  Бір тал кессең, он тал ек қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі.

Экологиялық іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Еркін  Үйсімбаев, “Ассамблея жастары” РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев, “Қазақстан ұйғыр жастарының одағы” РҚБ төрағасы Рустам Қайырев, “Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдениорталығының” төрағасы Зайнуддин Махусеев және белгілі тележүргізуші, “Қазақша speaking club” негізін қалаушы Ольга Спирина, сондай-ақ, ауыл тұрғындары қатысты.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестік өкілдері Қордай ауданы жастарымен кездесу өткізді.

Жиында еліміздегі мемлекеттік бағдарламалар қордайлық жастарға кеңінен түсіндірілді.