Орман өртін сөндіретіндердің жалақысы келесі жылы 100 пайызға өседі
Өткен жылы аталған саланың мамандарының айлығы 85 пайызға артқан
Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев орман шаруашылығындағы өрт сөндірушілердің айлығы келесі жылы тағы 100 пайызға көтерілетінін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Олжас Баққараевтың сөзінше, облыста өткен жылы өрт сөндірушілердің жалақысы 85 пайызға өскен. Бұл үрдіс биыл да жалғасып, келер жылы аталған сала мамандарының айлығы тағы 100 пайызға көбеймек.