жұма, 27 желтоқсан, 2024 8:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Осы жолы қателессек, халық бізді кешірмейді»

«Осы жолы қателессек, халық бізді кешірмейді»
ашық дереккөзі
«Осы жолы қателессек, халық бізді кешірмейді»
Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының екінші толқынының алдын алу жұмыстарын пысықтауға арналған кеңес отырысы өтті. Басқосуда Ержан Жұматұлы орын алуы мүмкін бұл ахуалда қателіктерге жол бермеу қажеттігін баса айтты. — Бүкіл әлемде, оның ішінде біздің елімізде де орын алған коронавирус инфекциясының таралауы салдарынан төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілгені белгілі. Бұл жөнінде мемлекет тарапынан нақты шаралар қабылданып, жағдай тұрақталуда. Десе де, Денсаулық сақтау министрлігінің болжамынша, алдағы қазан-қараша айларында қауіпті індеттің екінші толқыны болуы мүмкін. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі қай кезде де бірінші назарға алынуы керек. Сондықтан облыс әкімінің бастамасымен арнайы стратегиялық жоспар әзірленіп, инфекцияның алдын алуға бағытталған шаралар легі жасақталуда, — деген аймақ басшысының орынбасары осы қателіктерге жол берілетін болса, халықтың кешірмейтіндігін жеткізді. Кеңес отырысында облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Хамит Мырзақасымов сөз сөйлеп, мониторингке сәйкес күні кешеге дейін аймақта COVID-19 індетінің 4 081 жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Ал пневмониямен ауырғандар 82 науқасты құраған. — Инфекциялық стационардан 3 569 науқас сауығып шықты. Қауіпті індеттен 55 азаматымыз көз жұмды. Өткен тәулікте ешқандай науқас тіркелген жоқ. Инфекцияның екінші толқынының орын алуы мүмкін қуаттылығына қарай нақты жұмыстар әзірленіп жатқанын да айтқым келеді. Қазіргі таңда өңірде COVID-19 инфекциясына тестілеу 7 зертханада өткізіледі. Соның ішінде облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасындағы зертхана тәулігіне 150 тест жасай алса, жүре пайда болған иммуннитет тапшылығы синдромы орталығындағы зертхана – 130, «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының зертханасы – 500, фтизиопульмонология орталығындағы зертхана – 200, «Олимп» зертханасы – 160, Қордай аудандық ветеринариялық зертханасы 200 тест қабылдай алады. Бүгінде күніне шамамен 400-500 тест алынып, зерттеу жүргізіліп жатыр, — деді Хамит Саттарқұлұлы. Жиында белгілі болғандай, медициналық құрал-жабдықтар мен бұйымдарды алуға жергілікті бюджеттен 1,6 млрд. теңгеге бөлінген. Облыс бойынша 10 компьютерлік томография жұмыс істеп тұр екен. Енді қосымша бөлінген қаражат есебінен осындай 7 құрылғы алынып, Тараз қаласы , Т.Рысқұлов,  Шу, Қордай, Меркі және Талас аудандарына қойылмақ. Ауыр тыныс алатын науқастарды емдеу үшін 2 экстрокорпаралды мембраналы оксигенация аппартын алу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 100 көпфукнциональді кереует, 3 КЩС аппараты, 4 цифрлық рентген,  14 бірлік өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілуде.  width= Сонымен қатар облыстық медициналық ұйымдарға 4 оттегі станциясы орнатылып, жедел жәрдем стансасына 53 жедел жәрдем көлігін, осынша өкпені жасанды желдету аппаратын алынады. Хамит Мырзақасымовтың сөзінше, тамыздың соңында аймақтағы медициналық ұйымдарға 4,3 млрд.  теңгеге дәрілік заттар мен бұйымдар әкелінген. Коронавирусты емдеуге және алдын алуға арналған препараттарға 674 млн. теңге шамасында қаражат жұмсалған екен. Тағы да 900 млн. теңгеден астам қаржыға дәрілік заттар алуға өтінім берілген. Қыркүйек-қазан айларына 376 млн. теңгеге 433 473 дозада тұмауға қарсы екпе жеткізілетін болады. Сонымен қатар дәрігерлердің біліктілігін арттыру, гуманитарлық көмек көрсету және өзге де бағыттарда іргелі шаруалар атқарылуда. Басқосуда облыс бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбековтің, «СК-Фармация» ЖШС облыс бойынша өкілі Айжан Тортаеваның баяндамалары тыңдалды. Олардың айтуына қарағанда, бүгінде өңірде дәрілік заттардың бір айлық қоры қалыптасқан. Сондай-ақ, «СК-Фармация» медициналық ұйымдардың шілде айында ұсынған қажеттілігін жедел сатып алуда. Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмектердің тізімі де кеңейтіліпті. Осылайша 5 атаудан тұратын COVID-19 нозологиясы енгізілді. Яғни, ПТР тест нәтижесіне қарамастан, аурудың жеңіл ағымында пациент тіркелген емханасынан қызуды түсіретін дәрі-дәрмектер мен антикоагулянттарды ала алады. Мұнымен қоса, бірыңғай дистрибьютор стационарлар шамамен 100 мың пациентті емдеу үшін 8,2 млрд.  теңгеге тапшы және сұранысқа ие дәрілік заттардың 44 атауын сатып алмақ. — Бұл шаралар КВИ-дің екінші толқынын емдеу үшін резерв құруға және қажеттілік пен сырқаттанушылықты дұрыс жоспарламау проблемаларын түзетуге мүмкіндік беруі керек. Әрбір жауапты маман ісіне мұқият болсын. Халықтың денсаулығы бәрінен маңызды. Тағы да айтамын, бұл жолы қателестін болсақ, бұқара бізді кешірмейді. Әрбір шараны өзім тікелей бақылауыма аламын, — деді Ержан Жылқыбаев кеңес отырысын қорытындылап. Асхат Райқұл
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар