Отбасында мейірімді әке, қызметінде адал офицер
Отбасында мейірімді әке, қызметінде адал офицер
Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде қызметпен қатар отбасын алып жүрген азаматтар жетерлік. Солардың бірегейі – мекеме бастығының кезекші көмекшісі Арыстан Момбеков. 2001 жылдан бастап құқық қорғау саласында қызмет ететін Арыстан Әділбекұлының офицерлік шені – әділет капитаны. Бүгінде жұбайы Рая екеуі 8 баланы тәрбиелеп, өсіріп отырған бақытты ата-ана. Көпке үлгілі көпбалалы жанұяда тәртіп алғашқы орында. Әкелері қиындығы мол ҚАЖ саласында қызмет ететінін ұл-қызы жақсы біледі. Сол себепті де, олар оқуда озат болып ата-аналарын қуантуға асығады.