дүйсенбі, 18 қараша, 2024 2:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Пилоттық жоба тұрғындардың табысын арттырады

Пилоттық жоба тұрғындардың табысын арттырады
ашық дереккөзі
Пилоттық жоба тұрғындардың табысын арттырады
  Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту - үлкен әлеуметтік әлеуетке ие, уақтылы әрі қажетті жоба. Пилоттық жобаның іске асырылуы ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің сапасын арттыруға және жер телімдерін пайдалану мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктер берді. Халықтың тұрмыстық табысын жақсартуға арналған пилоттық жобаның бүгінде жүзеге асу барысы қалай? Өңірде халықтың табысын арттыру пилоттық жобасының бірінші кезеңінде 11 ауылдық округке қарасты 25 елді мекендегі 7856 отбасы қамтылды. Бұл бағытқа барлығы 9,2 миллиард теңге бөлінді. 2021 жылы қайтарылған несие қаражаты есебінен қосымша үш ауылдық округте жоба жүзеге аса бастады. Облыстағы 26072 тұрғынды (4 386 аула) қамтитын тағы 10 ауылдық округте пилоттық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 6 миллиард 47, 5 миллион теңге бөлу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 176 өтінім келіп түскен десек, оның ішінде 408,1 миллион теңге көлеміндегі 82 өтінім қабылданған. – Пилоттық жобаға қатысуға ниетті тұрғындарға құжаттарын дайындауға көмек көрсету қажет. Ауыл тұрғындары бір жапырақ қағаз үшін күнде облыс орталығына келмеуі қажет. Бұл жұмыстардың барлығын «Тараз» ӘКК қолдауымен ауыл әкімдері ұйымдастыруы тиіс. Әрбір өтініш жеке қарастырылуы керек. Аудан әкімдері осы кезеңде барлық ұйымдастыру мәселелерін алдын ала шешуі тиіс. Жобаны жүзеге асырумен қатар барлық әлеуметтік мәселелерді кешенді түрде шешу маңызды. Жобаның екінші кезеңінің қорытындысы бойынша біз жоғары нәтижеге қол жеткізуіміз қажет, - деген еді аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов. Тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асу барысы қаралған кеңесте жобаның екінші кезеңіне дайындық шаралары, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу деңгейі талқыланды. Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Жиенқұловтың айтуынша, ұсынылып отырған 10 ауылдық округте 26 072 тұрғын тұрады десек, ондағы аула саны 4386-ны құрайды. Жалпы 1600-ден астам жобаны іске асыру көзделуде. Қазіргі таңда өтінімдерді қабылдау жұмыстары жүруде. Аймақ басшысы өтінім қабылдау, тұрғындар арасында түсіндіру, талдау, есептеу жұмыстары баяу орындалып жатқан аудан басшылықтарынан жауаптар алды. Жұмыстарды жеделдетіп, тұрғындарға құжаттарды дайындау шараларына барынша көмек көрсету керектігін ескертті. Басқарма мен кейбір аудандардың мәліметтеріндегі айырмашылықтарды сынға алып, өзара бірлесіп, ортақ жауапкершілікті сезіне отырып, әрекет етуді талап етті. Пилоттық жобаға енген ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді де кешенді түрде шешу, төрт түлікті асылдандыру үшін қолдан ұрықтандыру жұмыстарының маңыздылығын да атап өтті. «Мақсатымыз – тұрғындардың тұрмысын тіктеп, табысын арттыру. Азаматтар мемлекеттің қолдауын сезінуі тиіс. Олар жоба аясында жеңілдетілген несие алып, шаруаларын жолға қойып, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалана отырып, өздерін азық-түлікпен қамтамасыз етуі маңызды. Жауаптылар барлық ұйымдастыру жұмыстарын дер кезінде үйлестіруі керек», - деді Нұржан Нұржігітов. Бес бағыт бойынша өзге де қатысты басқармалар атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндап, жиын қорытындысында тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Getting a Latin Mail Buy Wife
Алдыңғы мақала
Getting a Latin Mail Buy Wife

Ұқсас жаңалықтар