Жамбыл жаңалықтар

Полицейлер ойын арқылы есірткінің ағзаға қалай әсер ететінін көрсетті

Полицейлер ойын арқылы есірткінің ағзаға қалай әсер ететінін көрсетті

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз политехникалық колледжінде «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға колледж студенттері мен оқытушылары, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «JANUIA medical center» ЖШС қызметкерлері қатысты. Полицейлер жаңа синтетикалық есірткілерге адамның тәуелді болып қалатыны және ағзаға аса қауіптілігі туралы айтты. Спикерлер сонымен қатар танымдық ойындар дайындап, оған оқушылар белсенді қатысты. Полиция қызметкерлері мен дәрігерлер «манекенде» есірткі заттарының адам ағзасына қаншалықты зиянды әсер ететінін көрсетті. Сондай-ақ балалар арнайы көзілдіріктің көмегімен алкогольдік ішімдік ішкен күйге ену арқылы қол мен аяқтың үйлесімділігі өзгеретініне көз жеткізе алды. Семинардың мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресте шараларды күшейту, сондай-ақ білім алушылардың нашақорлық мәселесі туралы хабардар болу деңгейін арттыру табылады.