Полиция департаментінде балаларға арналған ерекше шара өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 14 маусым, 2025
- 185

Жамбыл облысының Полиция департаментінде ерекше форматтағы кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев жазғы демалыс кезінде «Мен полицей боламын» атты сурет байқауына қатысқан балалармен кездесті.
Алдын ала әлеуметтік желіде жарияланған байқауға 8 бен 12 жас аралығындағы 50-ден астам бала қатысып, әртүрлі техникада сурет салып, полиция қызметіне қатысты шағын бейнероликтер ұсынған.
Солардың бірі — Саша есімді ерекше бала. Анасы Анна Красикова байқауға дайындық барысы туралы:
— Ұлым ерекше бала болғанына қарамастан, біз де байқауға қатысуға бел будық. Ол қатты уайымдап, салған суретіне бүкіл жан-тәнін салды. Саша жүлделі орын алғанын естігенде, оның көзінен қуаныш жасы көрінді, — дейді.
Қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар, сондай-ақ естелік сыйлықтар табыс етілді.
Кездесу соңында балалар департамент музейі мен жедел басқару орталығына экскурсия жасап, полиция қызметінің кейбір бағыттарымен танысты. Олар бейнебақылау арқылы жол ережесінің бұзылуын қалай тіркейтінін өз көздерімен көрді.
«Грэмми» сыйлығына қатысты бірқатар ереже өзгерді
Ұқсас жаңалықтар
Мойынқұмда алимент төлемеген борышкерге үкім шығарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 23 маусым, 2025