Премьер-Министр Лакшми Митталмен кездесті
Премьер-Министр Лакшми Митталмен кездесті
Премьер-Министр Әлихан Смайылов «АрселорМиттал» компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді.
Тараптар компанияның өндірісті жаңғырту және еңбек қауіпсіздігін арттыру жөніндегі жоспарларын, шығарылатын өнімді ішкі нарыққа және көрші елдерге жеткізу мәселелерін, сондай-ақ металл өнімдерін қайта балқытудың неғұрлым жоғары деңгейіне көшу перспективаларын талқылады. Лакшми Миттал компанияның алдағы жылдары болат құю және тау-кен активтерін жаңғыртуға қомақты қаражат салуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Сонымен қатар қызметкерлерді оқыту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне көбірек көңіл бөлу жоспарланып отыр. Премьер-Министр өндірістің қазіргі қарқынын сақтап, шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту және туындаған мәселелерді шешу бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығымен барынша тығыз жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды.