Президент кеңесшісі Тар ӨУ студенттеріне Жолдауды түсіндірді
- авторjambylinfo.kz
- 6 қыркүйек, 2024
- 583
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбай М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушыларымен, студенттеріне ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндірді, деп хабарлайды Jambylinfo. kz
Мәлік Отарбай жоғарғы оқу орнының білімгерлеріне Президент Жолдауының басым бағыттарын атап өтті. Соның ішінде әділдікті ту еткен Мемлекет басшысы ынтымақ пен бірлікке басымдық беретінін жеткізді. Сондай-ақ «Адал азамат» ұғымын ширатып түсіндірді.
- Болашақ сіздердікі, сондықтан келешек елдің ертеңі болу үшін әділдік деген ұғымды биік ұстау керек. Президентіміздің «Адал азамат» деп отырғаны осы. Елге, мемлекетке адам азамат. Ең басты мақсат осы болса керек. Шынтуайтына келгенде Жолдаудағы парадигмалық ұсыныстардың түбінде, өзегінде осы әділдік, адалдық жатыр,- деді Мәлік Отарбай.
Сонымен қатар Президент кеңесшісі тағы «озық ойлы ұлтқа айналу», «қоғамдық мәдениет» тақырыптарына тоқталды. Әсіресе, озық ойлы ұлтқа айналу – замана ағымындағы технологиялық үдерістерге бейім, сана қоржынына керектіні кітаптан алатын жастардың қатары көп болуымен іске асатынын айтты.
- Президент өз Жолдауында озық ойлы ұлтқа айналу жолдарын айтты. Әрине, оған ең бірінші білім керек. Яғни, кітап оқуымыз керек. Кітаптан алыстаған адам көптеген қасиеттерден алыстайды. Осыған мән берсеңіздер,- деді Президент кеңесшісі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024