Президент Жолдауы: Жамбылдағы «Агросауат» орталығы тұрғындардың тұрмысын тіктеуде
- авторjambylinfo.kz
- 8 қыркүйек, 2024
- 311
Президент Жолдауындағы қойылған міндеттер аясында «Агросауат» орталығында жидек өсіру, қант қызылшасын егу, жем-шөп, сүтті ірі қара, етті ірі қара, құс шаруашылығы секілді шаруашылықтар ашып, 150 адамды қарыз деңгейінен шығару мақсаты қойылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бүгінгі күні орталықта 130 адам дәріс алып, олар мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, құлпынай егу, таңқурай егу секілді түрлі бағыттары бойынша біліктіліктерін жетілдіруде. Болашақта бұл азаматтарымыз «қара тізімнен» шыққан тұрғындар әрі қарай мемлекеттің бизнесті қолдау бағдарламаларына, «Ауыл аманаты» бағдармасының 2,5 пайыздық несиесіне жүгіне алады.
Еліміз соңғы бірер жылда жаңа кезеңге қадам басты. Оның жемісі бүгінгі атқарылып жатқан жемісті бастамалар. Осындай игі бастамалардың жалғасы ретінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жолдады. Бұл құжаттың түпкі мазмұны – Қазақстанның жаңғыру жолын жалғастыра түсу.
Мемлекет басшысы бұл құжатта ел дамуы үшін маңызды 9 стратегиялық бағытты айқындап берді. Олардың қатарында ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, кадрлық әлеуетті арттыру, ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алу, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру және қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру мәселелері бар.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы ел экономикасын ілгерілетудің негізгі тетіктеріне тоқталып, шешу жолдарын тоқталды. Оның ішінде, ең маңыздысы әрі мазмұндысы - АЭС салуға қатысты жалпыұлттық референдум өткізу. Бұл шара әбден сала мамандары мен қоғам белсенділерінің талқысынан өтіп, барып қабылданған шешім. Енді, бұл бастаманың нүктесін халықтың дауысы шешеді. Яғни, референдум 6 қазанда өтеді. Бұл – Мемлекет басшысының берік ұстанымы. Осы шаралар – «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасының нақты нәтижесі. Елімізде жаңа саяси мәдениет қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Бүгінгі қоғамда Жалпы, қазір ел экономикасын білікті кадрлармен қамтамасыз ету күрделі болып тұр. Әсіресе, су саласы мамандары, құрылысшылар, энергетиктер, ветеринарлар тапшы. Болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін де кадрлар даярлау керек. Осы орайда Президент елдің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру бойынша үлкен міндеттер қойды. 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп дөп басып жариялады. Бұл – қарапайым жұмысшылар үшін үлкен мотивация.
Жолдауда Президент ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды екенін жеткізді. Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет. Бұл орайда, ол «AMANAT» партиясының бастамасымен Меркі ауданында жүзеге асырылып жатқан «Агросауат» орталығының жұмысын ерекше атап өтті.
Жалпы, бұл бұл орталық биыл сәуір айында ашылған болатын. Онда егін, құс және мал шаруашылығын жүргізуге қатысты теориялық және тәжірибелік курстарды ақысыз негізде оқыту жұмысы ұйымдастырылып келеді.
Орталықта еліміздің кез келген тұрғыны ауыл шаруашылығының түрлі бағыттары бойынша теориялық білім алады және практикалық дағдыларды да үйрену үстінде. Қатысушылар тәжірибелі зертханаларға, жобасын іске асыру үшін барлық құралдарға қол жеткізе алады.
«Агросауат» орталығында жидек өсіру, қант қызылшасын егу, жем-шөп, сүтті ірі қара, етті ірі қара, құс шаруашылығы секілді шаруашылықтар ашып, 150 адамды қарыз деңгейінен шығару мақсаты қойылған болатын. Бүгінгі күні 130 адам дәріс алып, олар мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, құлпынай егу, таңқурай егу секілді түрлі бағыттары бойынша біліктіліктерін жетілдіруде. Болашақта бұл азаматтарымыз «қара тізімнен» шыққан тұрғындар әрі қарай мемлекеттің бизнесті қолдау бағдарламаларына, «Ауыл аманаты» бағдармасының 2,5 пайыздық несиесіне жүгіне алады.
Айта кетерлігі, бұл жобаға қатысушыларға еш іріктеу жүргізілмейді, орталық туралы естіген, оқуға ниетті адамдар келеді және арнайы топ құрылады. Тыңдаушылар бірден кәсіп бастап кетпейді, өз бағыттарын, неге икемі барын нақтылайды. Бүгінде құлпынай бағыты бойынша кооператив құрылды. Джем, тосап жасайтын кішігірім цех ашылды. Енді тігін цехы, жартылай фабрикат секілді басқа да бағыттарды қолға алып, жобаның ауқымын кеңейтетін боламыз.
Орталық бүгінде өз нәтижесін беруде. Енді мұның игілігін барша жұрт көруі тиіс. Сондықтан Президент Жолдауда Үкімет пен әкімдер бұл тәжірибені басқа да аймақтарға таратуды ойластыруы қажеттігі туралы тапсырма берді.
Мемлекет басшысы сонымен қатар, қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды екеніне баса назар аударып, партиямыздың «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтті. Бүгінгі таңда 7 қаржы эксперті Тараз қаласы мен аудандарда бекітілген жоспарға сәйкес азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша оқыту жүргізілуде. Қазіргі таңда облыс бойынша 7 000-нан аса адам қамтылып, меженің 82,5% жүзеге асырылды. Сондай-ақ, жобаның ауқымы кеңейіп, облыс бойынша 453 мектеп мұғалімі мен 72 колледж оқытушылары оқытылды. Ол педагог мамандарымыз осы оқу жылынан бастап студенттер мен оқушылардың қаржылық сауаттылықтарын арттыру бойынша дәріс беретін болады.
Елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. Өз кезегінде Президент «Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс» деді. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев игі шараның аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты екенін тілге тиек етті. Бұл орайда, біз Мемлекет басшысының осынау бастамасын қуаттап, «AMANAT» партиясы тарапынан әр апта сайын «Таза Бейсенбі» акциясын өткізіп келеміз. Мәселен, партия облыстық филиалы тарапынан маусым айынан бері 3 мыңнан аса адам жұмылдырылы, 580 тоннадан астам қоқыс шығарды. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына облыс және қала әкімдігі басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері, ірі кәсіпорындары және жоғарғы оқу орындарының жұмысшылары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары мен жастар да белсенділік танытты.
Осы ретте «АМАNАТ» партиясы да еліміздің ең беделді саяси ұйымы ретінде Президент ұсынған реформаларды жүзеге асыруға сақадай сай екенін атап өткім келеді. Ел игілі мен оның әлеуметтік жағдайының жақсаруы жолында алдымызда үлкен жұмыстар тұрғаны сөзсіз. Бұл тек бірлік пен ынтымақ, жауапкершілік пен табандылықтың арқасында ғана қол жеткізетін біздің ортақ мақсатымыз.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024