Жамбыл жаңалықтар

Президент жолдауына пікір: Әскерге барғандардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек

Жолдауда мемлекет басшысы ел ішіндегі елеулі мәселелерді атап өтті

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айбек Қадралиев Президент Жолдауындағы тезистерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент Жолдауыда атап өткендей, АЭС бойынша референдум 6-қазанда өтеді. Мемлекет басшысы әлемде энергия тапшылығының күшейіп бара жатқанына ерекше тоқталып өтіп, атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керек екенін атап өтті. Сондықтан Қазақстан болашаққа қадам жасауы керек. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры маңызды науқанда жастар белсенділік танытатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, Президент әскердегі сарбаздардың қауіпсіздігі өзекті мәселе екендігін айтқан. Айбек Қадралиев «бұл көптеген қазақстандықтардың күмәнін сейілтті» дейді.