Пробация есебінде тұрғандарға оңалту шарасы ұйымдастырылды

Азаматтарға жарқын болашаққа нық қадам жасауға кеңес берілді
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 58-мекемесінде пенитенциарлық пробация есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарға әлеуметтік оңалту іс-шарасы ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шараға мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Айбек Тұлғабаевич Ниязымбетов басшылық етсе, ұйымдастыру жұмысын босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөніндегі инспектор, әділет лейтенанты Н.М. Досаева атқарды.
Кездесуге «Тараз қаласы бойынша Мансап орталығы» азаматтармен әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Мұрат Әмреев пен маман Абылай Бокаев, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №1 пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны Асхат Жолшыбеков қатысты.
Шара барысында 2025 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыруға бөлінген квота мөлшері, оқу гранттары мен бір реттік әлеуметтік көмек төлемдері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайында кеңес жүргізіліп, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Жиын соңында мекеме бастығының орынбасары А.Т. Ниязымбетов қатысушыларды қылмыстық жолға қайта түспеуге, жаңа өмір бастауға шақырып, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалануға кеңес берді.