Прокуратура: Жамбыл облысында қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы экологиялық бұзушылықтар анықталды
- авторМағжан Орынбасар
- 23 қазан, 2024
- 275
Жамбыл облысында қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы экологиялық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өңірдің экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі шаралардың тиімділігі мәселесі бойынша Экология департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізді.
Тексерулермен қалдықтарды басқару, оларды орналастыру және сұрыптау көлемін есепке алу мәселелерінде жүйелі бұзушылықтар анықталды.
Облыстың 24 полигоны экологиялық рұқсатсыз жұмыс істейтіні, 100-ден астам полигон жыл сайынғы есептілікті тапсырмайтыны анықталды, бұл қалдықтардың көлемі бойынша ресми статистиканың дұрыс емес есептілігіне алып келуде.
Прокуратураның араласуынан кейін Жамбыл, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Қордай аудандарында қалдықтардың пайда болуы мен жинақталу нормаларын бекіту мәселелері бойынша тиісті актілер, сондай-ақ Жуалы, Талас, Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласында тарифтерді бекіту шаралар қабылданды.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша стихиялық қоқыс үйінділері үшін 9 аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдері әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Бұдан басқа, прокуратураның қалдықтарды дұрыс есепке алмау фактілері бойынша қадағалау актісімен Жамбыл облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторының міндетін атқарушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұған дейін Жамбыл облысының прокуратурасында қадағалау және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен алқасында жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігі талқыланған еді.
Іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, уәкілетті органдардың басшылары және Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері қатысты.
Табиғатты қорғау прокуратурасы уәкілетті құрылымдардың тәуекелдерді басқару жүйесі тек жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін зерделеу арқылы бақылауды қамтамасыз ете отырып, тиісті түрде іске асырылмайтынын анықтады.
Нәтижесінде әрбір бесінші келісімшарт бойынша жүйелі бұзушылықтар, оның ішінде өндіру, әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелерді орындамау, рұқсат беру құжаттарының болмауы, жерді мақсатсыз пайдалану, тау-кен аумағынан тыс шығу және рекультивацияның болмауы орын алған.
Мысалы 20-дан астам субъект кең таралған және қатты пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы бұзылған келісімшарттар бойынша бұзылған жерлерді қалпына келтірмеген, ауыл шаруашылығы жерлерінде өз бетінше өндірудің 40-тан астам жағдайы тіркелген.
Осылайша, жоғарыда айтылғандар аймақтың дамуына теріс әсер етіп, қоршаған ортаның деградациясына әкелуі мүмкін.
Жағдайды түзету үшін прокуратура әкімдікпен бірлесіп «SmartMine» пилоттық жобасын іске асыруда, онда бақылау цифрландырылған және бизнес үшін рұқсат беру рәсімдері жеңілдетілген.
Сондай-ақ ведомстволық функцияларды күшейту және заңнамадағы өзгерістер бойынша ұсыныстар әзірленді.
Облыс әкімі жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарт талаптарының сақтау, оның ішінде инвестициялау мен кадрларды даярлау маңыздылығын атап өтті.
Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров бақылаудың тиімділігін арттыру үшін бұзылған жерлерді қалпына келтіруді және адал бизнесті қорғауды қоса алғанда, нақты индикаторлары бар өңірлік жоспарға бастамашылық жасады.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024