Психикалық ауытқуы бар: Таразда ер адам ойнап жүрген баланы соққыға жықты
Психикалық ауытқуы бар: Таразда ер адам ойнап жүрген баланы соққыға жықты
Таразда ер адам көшеде ойнап жүрген кішкентай баланы соққыға жықты. Бақылау камераларына түсіп қалған видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен Видеода ер адамның самокат теуіп келе жатқан баланы ұрғанын көруге болады. Соққының салдарынан бала асфальтқа шалқасынан құлайды. Орнынан тұрмақ болған баланы тебуге тырысты. Полиция департаментінің мәліметінше, Тараз қаласының полициясына Абай даңғылындағы «Инвиво» медициналық клиникасының жанында белгісіз адамның кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіргені туралы қала тұрғынынан арыз түсті. «Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының тұрғынын анықтап, полицияға жеткізді. Тергеу барысында күдіктінің психикалық ауытқуы бар екендігі және қазіргі уақытта облыстық психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны анықталды», - делінген ведомство хабарламасында. Кәмелетке толмаған балаға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ал, күдікті сот-психиатриялық сараптама тағайындалу үшін психиатриялық ауруханаға жатқызылған.