сенбі, 21 маусым, 2025 1:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Рәміздер күні: Түзеу мекемесінде іс-шара өтті

Рәміздер күні: Түзеу мекемесінде іс-шара өтті
Ашық дереккөз
Айтулы мереке күні мекеме аумағында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды

Мемлекеттік Рәміздер күніне орай №58 түзеу мекемесінде Ту көтеріліп, Әнұран шырқалды
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 түзеу мекемесінде салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Айтулы мереке күні мекеме аумағында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.
Салтанатты шараға мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеуші азаматтар қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік нышандарға деген құрметті арттыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
– Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тұтастығының айшықты белгісі. Туған жерге деген шынайы сүйіспеншілік пен азаматтық патриотизм ең алдымен осы рәміздерді құрметтеуден басталады. Ел Туының көтерілуі мен Әнұранның шырқалуы – әрбір азаматтың жүрегінде мақтаныш пен елжандылық сезімін оятады, – деді мекеме қызметкерлері.
Айта кетейік, мұндай патриоттық бағыттағы шаралар түзеу мекемелерінде жиі ұйымдастырылып, жазасын өтеушілер арасында тәрбие жұмыстарының маңызды құралына айналып отыр. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – ел болашағына бей-жай қарамайтын саналы азаматты тәрбиелеудің бір тетігі екені анық.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар