РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ӘР АЗАМАТҚА МІНДЕТ!
РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ӘР АЗАМАТҚА МІНДЕТ!
РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ӘР АЗАМАТҚА МІНДЕТ!Рәміздерге құрмет – әр азаматтың қасиетті борышы, перзенттік парызы. Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына тура 30 жыл толып отыр. Еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекеттің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін жеткізетін ерекше құнды белгілер. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.Биыл да бұл датаны Әулиеата жері кең көлемде атап өтті. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бағынысты ЖД-158/4 мекемесінде де Рәміздер күні мерекесіне орай салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Көк байрағымыз көкке көтеріліп, айбынды Әнұранды мекеме қызметкерлері бір мезгілде әуелете шырқады. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Оны сүйіп, құрметтеу барша азаматтың мерейлі міндеті екені айтылды.