сейсенбі, 1 қазан, 2024 4:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Халықтың табысын арттыру бағдарламасын» іске асыру аясында Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Вице-Премьер сапарын «Шамуратов Шовкат Валерьевич» ЖК жұмысымен танысудан бастады. Шағын кәсіпорын күніне 400 кг шұжық өнімдерін шығарады. Цехта 7 маман жұмыс істейді. Сондай-ақ Ералы Тоғжанов ауданы 80 сотық жерді алып жатқан «Серік» ЖК жылыжайын аралап көрді. Несие сомасы – 14 566 мың теңге. Өткен жылы 30 тонна қияр өндірілді. Жылыжайда тамшылатып суару жүйесі орнатылған. Онда 11 адам жұмыс істейді. Сонымен қатар,Байзақ ауданында пилоттық жобаның 5 бағыты бойынша барлығы 6 бизнес-жобаның іске асу барысымен танысты. Олардың бірі – гидропон қондырғысын сатып алу. Қазақстандағы осы жабдықтар мен қондырғылардың негізгі жеткізушісі – Тараз қаласында орналасқан «Agro Green Technology» ЖШС. Е. Тоғжанов қуаты тәулігіне 400 кг жем шығаруға қауқарлы жылжымалы гидропонды қондырғыда құрама жем өндіру процесімен танысты. Серіктестік гидропоника әдісімен дәруменделген жасыл жем, көкөніс, күріш өсірумен айналысады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар